Шольц Швеция мен Финляндияны қолдады
Неміс армиясының қоймасынан 40 километр аралыққа дейін атылатын ауыр зеңбірек көлігінен Украинаға қазірге дейін 7 дана жолданғаны білдірілді.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қабылдау туралы келісімді құптады.
Премьер-министр Олаф Шольц Испания астанасы Мадридтегі НАТО саммитінде жасаған мәлімдемесінде:
«Бұл біз үшін өте маңызды нәрсе. Екі ел де одақтастыққа өте жақсы сәйкес келеді» деді.
Премьер-министр Олаф Шольц Украинаға гуманитарлық және қаржылай жәрдемге қосымша тіпті көп қару-жарақ жеткізуге уәде беріп:
"Украинаға шұғыл қажет болған қарулар дереу дайындалады, Украинаның өзін қорғауы үшін мұны қажет болғанынша ұзақ уақыт және тығыз жалғастырамыз" деп көрсетті.
Германияның Қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт елінің Украинаға тағы 3 Panzerhaubitze 2000 типті өздігінен жүретін қозғалтқышты зеңбірек жеткізетінін мәлімдеді.
Кристин Ламбрехт сонымен бірге НАТО-ның жоғары дайындықты күштеріне Германияның 15 мың әскермен қолдау беретінін де хабарлады.
Неміс армиясының қоймасынан 40 километр аралыққа дейін атылатын ауыр зеңбірек көлігінен Украинаға қазірге дейін 7 дана жолданғаны білдірілді.