Байден Еуропада НАТО-ның күшейетінін айтты

Байден Испанияның астанасы Мадридте ұйымдастырылған НАТО саммиті алдында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен баспасөзге сұхбат берді.

1849718
Байден Еуропада НАТО-ның күшейетінін айтты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден елінің Еуропадағы мәжбүрлігін арттыратынын айтты.

Байден Испанияның астанасы Мадридте ұйымдастырылған НАТО саммиті алдында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен баспасөзге сұхбат берді.

Мадридте ұйымдастырылған НАТО саммитінде  одақ ретінде береке-бірлік үндеуін тастағандарын айтқан Байден саммитте НАТО елдерінің Финляндия мен Швецияны мүшелікке қабылдау туралы хабарлама беретінін мәлімдеді.

Джо Байден:

"Екі елдің тарапсыздық дәстүрінен бас тартып, НАТО-ға қосылуға шешім қабылдауы одақты тіпті күшейтеді" деді.

Бұл береке-бірлік пен бел байлау үндеуіне қолдау беретінін тілге тиек еткен Байден:

"Қауіпсіздік ортасындағы өзгерістерге жауап ретінде және топтық қорғанысымызды күшейту мақсатымен бүгін АҚШ-тың Еуропадағы күштерін арттыратынын жариялаймын" деді.

Байден елінің Еуропадағы әскер санын 100 мыңға көбейткенін ескертіп, бұл жалғасатынын, Испаниядағы жойғыштардың санын 4-тен 6-ға дейін арттыратынын, Польша тұрақты база құрылатынын, Румыниядағы жауыргерлерге дайын жасақтар қосылатынын, Ұлыбританияға қосымша екі F-35 флотын жіберетінін, Италия мен Германияда әуе қорғанысы күшейтілетінін білдірді.

НАТО-ның маңыздылығын дәлелдегенін айтқан Байден:

«Ақ Үйде Финляндия мен Швеция басшыларына да айттым. Ресей президенті Владимир Путин Еуропаны финлендіруді қалады, алайда Еуропаның НАТО-ға айналғанын көреді. Еуропаның қауіпсіздігін кепілдікке алу үшін осылар жасалуға тиісті" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар