Сирияда азаматтық соғыс салдарынан 307 адам қаза тапты

БҰҰ Сирияда азаматтық соғыста аза тапқан бейбіт тұрғындар санының шамамен 307 мыңға жеткенін жариялады.

1849300
Сирияда азаматтық соғыс салдарынан 307 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияда азаматтық соғыс басталғаннан бері қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар санының шамамен 307 мыңға жеткенін жариялады.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары жариялаған рапортында елде соғыс басталған 2011 жылдың 1 наурызы мен 2021 жылдың 31 наурызы аралығындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындарның санақтары жарияланды.

Рапортта БҰҰ-ның бұрынғы статистикасында 143 мың 350 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны атап өтілді. Сондай-ақ жаңа статистикалық әдістердің нәтижесінде дәл сол уақытта тағы 163 мың 537 бейбіт тұрғынның қақтығыстар кесірінен қаза тапқаны баяндалды.

Жаңа болжам бойынша соғыс басталғаннан осы таңға дейінгі 10 жыл ішінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 306 мың 887-ке ұласты.

Рапортқа қатысты мәлімдеме жасаған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет жарияланған шығынның тек сандық деректер ғана емес, сонымен құрбан болғандарды қамтығанын баяндады.

Мишель Бачелет «Бұл сандар денсаулық сақтау, азық-түлік, ауыз су және басқа да негізгі қажеттіліктердің жетіспеушілігінен қайтыс болған көптеген бейбіт тұрғындарды қамтымайды» деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар