"Әлем елдері орыс терроризмін тоқтата алады және тоқтатуы керек"

Орыс жасақтары Кременчукта мыңнан астам адам жүрген сауда орталығын атқылады.

1848956
"Әлем елдері орыс терроризмін тоқтата алады және тоқтатуы керек"

Украина президенті Владимир Зеленский орыс жасақтарының Кременчукта мыңнан астам адам жүрген сауда орталығын атқанын хабарлады.

Шабуылда 16 адам қаза тапты, 59 адам жарақат алды.

Зеленский Телеграм каналынан хабарлама жасады.  Ол Полтава облысындағы Кременчук қаласындағы сауда орталығын орыс күштерінің атқылағанына назар аударды. «Бұл -  террор.  Жер берінде болмауы керек террористер ғана осындай мекенді зымыранмен атқылайды. Бұл қателесіп атылған зымыран емес.  Бұл – сауда орталығына бағытталып, есептеліп жасалған орыс шабуылы» деді ол.

Орыс армиясының Харьков қаласына да шабуыл жасағанын және шабуылда бес адамның қаза тапқанын, 30-дан астам адамның да жарақат алғанын білдірген Зеленский Ресейдің Украина жеріне шамамен 2800 зымыран лақтырылғанын айтты. Зеленский «Ресей әлемнің ең ірі террор ұйымына айналды.  Бұл – шындық. Әлемде барлық адам орыс мұнайын сатып алып, жеткізу, орыс банктерімен жұмыс істеу, орыс мемлекетіне салық төлеу террористерге ақша беру деген мағынаға келетінін білуі керек.  Әлем елдері орыс терроризмін тоқтата алады және тоқтатуы керек» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар