Еуроодақ Ресейді қатаң айыптады

Еуроодақтың Украинаға гуманитарлық, экономикалық, әскери және әлеуметтік жәрдем беруді жалғастыратыны білдірілді.

1849200
Еуроодақ Ресейді қатаң айыптады

Еуропа Одағы Ресейдің Украинаның Кременчук қаласындағы бейбіт тұрғындар орналасқан сауда орталығына жасаған шабуылын айыптады.

Еуроодақтың Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Борреллдің офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Еуроодақтың бұл шабуылды қатаң түрде айыптағаны білдірілді.

Шабуыл кезінде сауда орталығында жүздеген адам жүргені білдірілген мәлімдемеде:

"Бұл соңғы кезде Киев пен басқа аймақтардағы азаматтық ғимараттарға және инфрақұрылымдарға бағытталған зымыран шабуылдарымен бірге Ресей Қарулы күштері тарапынан азаматтарға және азаматтық инфрақұрылымдарға жасалған шабуылдардың ең аяусызы. Бейбіт халықтың бомбалануы қабыл алынбайды және соғыс қылмысы болып табылады. Осы шабуылшы әрекеттердің және жан шығынының жауапкері Ресей" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде Еуроодақтың Украинаға гуманитарлық, экономикалық, әскери және әлеуметтік жәрдем беруді жалғастыратыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар