Ресей Луганск облысын бақылауға алғанын білдірді

Игорь Конашенков Луганск  аймағында Боровское мен Вороново қаласын және Сиротино елді мекенін бақылауға алғандарын білдірді.

1848321
Ресей Луганск облысын бақылауға алғанын білдірді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинадағы Луганск облысындағы Северодонецк қаласын өз бақылауына алғанын хабарлады.

Игорь Конашенков мәлімдемесінде ауыз жүзіндегі Луганск Халық Республикасының әскерлері мен ресейлік әскери жасақтарының операциялары нәтижесінде Луганск  аймағында Боровское мен Вороново қаласын және Сиротино елді мекенін бақылауға алғандарын білдірді.

Украина күштерінің Азот зауытын қарсыласу орталығына айналдыру әрекетінің алдын алғанын атап өткен Конашенков:

«Северодонецк пен Боровское қаласын құтқарумен бірге ауыз жүзіндегі Луганск Халық Республикасы ішіндегі Северский Донецтің (Донец өзені) бүкіл сол жағалау аймағы осы әкімшіліктің толық бақылауына кірді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар