Олаф Шольц пен Джо Байден бас қосты

Шольц пен Байденнің кездесуі Үлкен-7 көшбасшылар саммиті ұйымдастырылған Германияның Бавария штатындағы Эльмау сарайында өтті.

1848324
Олаф Шольц пен Джо Байден бас қосты

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байденмен кездесті.

Шольц пен Байденнің кездесуі Үлкен-7 көшбасшылар саммиті ұйымдастырылған Германияның Бавария штатындағы Эльмау сарайында өтті.

Кездесу алдында әңгімелескен екі басшы Ресейдің Украинаға ашқан соғысында батыс елдерінің берекеде болғанын білдірді.

Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путиннің осы береке-бірлікті күтпегенін және осы бейнені жалғастыру керектігін айтты.

АҚШ президенті Джо Байден осы береке-бірлік үшін қосқан есесіне орай Олаф Шольцқа алғыс айтты.

"Біз бірге болуымыз керек" деген Байден Путиннің Үлкен-7 мен НАТО-ның бөлінуін тілегенін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар