Норвегиядағы қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты

Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 21 адам жараланды.

1848149
Норвегиядағы қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты

Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты.

Бас қала Ослода қарулы адам түнгі клубқа кіріп, айналаға кездейсоқ оқ жаудырған.

Шабуылда екі адам қаза тауып, 21 адам жараланды. Оқиғадан кейін аймаққа полиция мен жедел жәрдем топтары жіберілді.

Лауазымдылар оқиғаның жалғыз кінәлі болуы мүмкін деген адамның ұсталғанын хабарлады.

Шабуылдың себебі әлі белгісіз, тергеу жалғасуда.

Екінші жағынан шабуылдың себебі әзірге белгісіз, бірақ «террорлық шабуыл» ықтималының да бағаланып жатқаны атап өтілді.

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Сторе Фейсбук парақшасынан жасаған хабарламада «Ослодағы "London Pub" атты түнгі клуб алдындағы атыс жазықсыз адамдарға жасалған қатыгез және қатты таң қалдыратын шабуыл болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар