Олаф Шольц Батыс Балқан елдерінің мүшелігін қолдайды
Олаф Шольц Еуроодақтың 27 елінің Молдовия мен Украинаға «Еуроодаққа мүшелікке үміткерлік мәртебесінің» берілуін үлкен қадам деп бағалағанын айтты.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Батыс Балкандағы 6 елдің Еуропалық Одаққа мүше болу мүмкіндігін қолдауға бел байлағандарын айтты.
Олаф Шольц Бельгия астанасы Брюссельде жасаған мәлімдемесінде ЕО-ға мүше болу перспективасы бар 6 Балкан елінің Еуропа жолына қарай жылдам ілгерілеуі үшін Германияның қолдауына сенулері керектігін атап өтті.
Олаф Шольц:
"Бұл ұзақ уақыт жалғасатын бір жол. Сондықтан соңғы жылдарда осы аймақтағы азаматтардың және елдердің көрсеткен талпынысы жылдам және көрнекті болуға тиісті. Біз осы жолды қолдаймыз. 6 ел үшін мүшелік мүмкіндігін батыл қолдауды жалғастырамыз. Осы елдер Еуроодаққа мүшелік процесінде Германияға сенулеріне болады" деді.
Олаф Шольц Еуроодақтың 27 елінің Молдовия мен Украинаға «Еуроодаққа мүшелікке үміткерлік мәртебесінің» берілуін үлкен қадам деп бағалағанын айтты.
Солтүстік Македония, Черногория, Сербия, Албания, Босния және Герцеговина және Косово Еуроодаққа толық мүшелік үшін ұзақ уақыттан бері талпынуда.
Ұқсас жаңалықтар

Францияның Корсика аралындағы дауылда 3 адам қаза тапты
Корсика аралындағы қатты дауылдың салдарынан 3 адам қаза тапты.

Кабулдағы бір мешітке бомбалы шабуыл жасалды
Кешкі намаз кезінде мешітте болған жарылыстан 21 адам қаза тапты.