Украина Северодонецктен өз әскерін шығарады

Сергей Гайдай украин әскерлеріне Северодонецктен шығуға бұйрық берілгенін хабарлады.

1847876
Украина Северодонецктен өз әскерін шығарады

Украинаның Луганск аймақтық әскери басқармасының төрағасы Сергей Гайдай украин әскерлеріне Северодонецктен шығуға бұйрық берілгенін хабарлады.

Сергей Гайдай Telegram желісінен жасаған мәлімдемеде Украинаның Луганск аймағында орналасқан Северодонецк қаласындағы жағдайға байланысты ақпарат жариялады.

Ресей армиясының Северодонецктегі инфрақұрылымды жойғанын айтқан Гайдай қаланың шамамен 90 пайызының күйрегенін атап көрсетті.

Украина күштерінің қаладан шығарылатынына назар аударған Гайдай "Украина қарулы күштері Северодонецктен шығуы керек. Бұл бағытта біздің сарбаздарға бұйрық берілді. Северодонецк қорғаушылары одан күшті позицияларға шегінеді" деді.

Сергей Гайдай сондай-ақ ресейлік әскери бөлімдердің Северодонецк маңындағы Лисичанск қаласына қарай жылжып жатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар