Шойгу Ресей мен Беларусьтің соғысқа дайындық шешімін бағалады
Ресей Қорғаныс министрі беларусьтік әріптесімен Мәскеуде бас қосты.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жағдайдың Ресей-Беларусь Біртұтас мемлекетінің қорғаныс қабілетін күшейту және әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру қажеттігін ортаға шығарғанын білдірді.
Сергей Шойгу Мәскеуде Беларусь Қорғаныс министрі Виктор Хренинмен бас қосты.
Кездесу алдында мәлімдеме жасаған Шойгу Беларусьтің елі үшін маңызды стратегиялық серіктес, жақын дос және одақтас екенін баса айтты.
Батыстың бұрын-соңды болмаған қысымы және оларға қарсы жарияланбаған соғыс жағдайында Ресей мен Беларусь арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықтың дамығанына назар аударған Шойгу Беларусьтің Америка Құрама Штаттары және оның одақтастарына қарсы табандылық пен біріккен қорғаныс аймағын құруға әзірлікке мән беретіндерін мәлімдеді.
Украинадағы жағдай мен НАТО елдерінің батыс шекараларындағы әрекеттерін еске салған Шойгу «Жағдай Одақтас мемлекеттердің (Ресей-Беларусь) қорғаныс қабілетін күшейту, аймақтық одақ күштері мен бірлескен аймақтық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жауынгерлік әзірлігін арттыру бойынша шұғыл бірлескен шараларды қабылдау қажеттілігін туындатады. Бүгінде бұл барған сайын өзекті бола түсуде. Ресей тарапы бұл тұрғыда беларусьтік достарына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.