Палестиналық журналисттің Израиль оғынан қаза тапқаны анықталды
БҰҰ Адам құқықтары комиссариатының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани мәлімдеме жасады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Шерияның батысында қызметтік міндетін атқарып жүрген кезінде өлтірілген палестиналық журналист Ширин Әбу Акилеге тиген оқтардың Израиль қауіпсіздік күштері тарапынан атылғанын хабарлады.
БҰҰ-ның Женева кеңсесіндегі апталық баспасөз мәслихатында сөз алған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани Израиль билігінің Абу Акиленің «қолында қару ұстаған палестиналықтардың кездейсоқ атуы нәтижесінде қаза тапқаны» жөніндегі мәлімдемелеріне баға берді.
Шамдасани комиссариаттың оқиғаға байланысты тәуелсіз тергеуін аяқтағаны туралы берген ақпаратта «Израиль армиясы мен Палестина прокуратурасының ресми мәліметтеріне қоса осы уақытқа дейін тіркелген барлық дәлелдер Әбу Акилені өлтіріп, досы Али Сумудиді жаралаған оқтардың Израиль қауіпсіздік күштері пайдаланғанын растайды» деді.
Шамдасани Израиль әкімшілігінің айыптауларына қатысты «Оқиға орнында қолында қаруы бар палестиналықтардың қандай да бір әрекет жасағаны туралы мәлімет таба алмадық» деді.
Әбу Акиленің Джениндегі босқындар лагеріне жасалған шабуылдан кейін нысанаға алынғанын еске салған Шамдасани «Біздің тұжырымдарымыз Израиль қауіпсіздік күштерінің оқ атудан бұрын журналистерге ешқандай ескерту жасамағаны» деді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет оқиғаға қатысты қылмыстық тергеуді талап етуді жалғастырғанын атап көрсеткен Шамдасани кісі өлтіргендердің жауапқа тартылуы керектігін баса айтты.
Катарда орналасқан «Әл-Жазира» телеарнасының тәжірибесі мол тілшісі Ширин Әбу Акиле 11 мамыр күні Израиль күштерінің Шерияның батысындағы "Дженин" босқындар лагеріне жасаған шабуылын бақылап жүрген кезінде израильдік сарбаздарының оғынан қаза тапқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.