Лиз Трасс Атакуле мұнарасы алдында сұхбат берді

"Азық-түлік соғыс қаруы ретінде әсте қолданылмағаны жөн" деді министр Лиз Трасс.

1847882
Лиз Трасс Атакуле мұнарасы алдында сұхбат берді

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс астана Анкараның символдарының бірі Атакуле мұнарасы алдында берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы соғыста азық-түлікті «соғыс қаруы» ретінде пайдаланғанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Түркияға жасаған ресми сапары аясында астана Анкараның символдарының бірі Атакуле мұнарасы алдында Украинадағы дәнді дақыл дағдарысы жайлы үндеу тастады.

Видеолы үндеуін Твиттер желісінде бөліскен және "Азық-түлік соғыс қаруы ретінде әсте қолданылмағаны жөн" деген министр Лиз Трасс Ресей президенті Владимир Путин күштерінің кемежайларды жабуы мен әлем көлемінде дәнді дақыл экспортын тоқтатуы арқылы Украинада бұл бейнені көргендерін айтты.

Министр Лиз Трасс дәнді дақыл дағдарысына шешім қарастыруға көмекші болу мақсатымен Анкараға келгенін айтты. 

Сыртқы істер министрі Лиз Трасс:

"Түркия азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау үшін негізгі теңіз жолдарын қайта ашып, дәнді дақылды экспорт етуге көмекші болу талпынысымызда өміршеңдік  және стратегиялық бір ортақ. Жағдай шұғыл, асқынуына рұқсат бермеуіміз керек. Ұлыбритания Түркия сияқты одақтастары және ортақтарымен бірге мәселені шешу үшін бар күшін салады. Владимир Путиннің соғысынан зардап көрген баршаға жәрдем беру үшін бірге жұмыстанудамыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар