Ауғанстандағы жер сілкінісінде 1150 адам көз жұмды

Ауғанстанның Пактика уәлаятында 5,9 балдық жер сілкінісінде қаза тапқан адам саны 1150-ге жетті.

1847872
Ауғанстандағы жер сілкінісінде 1150 адам көз жұмды

Ауғанстан мемлекеттік хабар агенттігі қуатты жер сілкінісінде кем дегенде 1150 адамның қаза тапқанын, 1600 адамның жарақат алғанын жариялады. Жер сілкінісінде 3 үйдің құлағаны білдірілді.

Табиғи апаттың ошағы Ауғанстанның шығысында, Пәкістанның шекарасында Хост провинциясынан 46 шақырым оңтүстік-батысында болды.

Пактика уәлаяты іздеу құтқару жұмыстарының аяқталғанын, үйіндіні тазалау жұмыстарының басталғанын хабарлаған.

Жер сілкісіні болған Пактика уәлаятының Гиян және Бармель аудандары мен ауылдарына бүгін алғашқы гуманитарлық жәрдемдер жетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты органдар және түрлі халықаралық азаматтық ұйымдарының азық-түлік, көрпе-жастық және медициналық жабдықтары жер сілкініс аймағына жеткізілді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы да 500 отбасына азық-түлік жәрдем жасаса, Адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі гуманитарлық жәрдем қоры да 500 адамға тағам таратты.

Талибан әкімшілігінің Денсаулық сақтау министрінің өкілі Календер Ибад Иммигранттар мен оралмандар төрағасының өкілі Халилуррахман Хаккани, Ішкі істер министрі өкілі Сыражеддин Хаккани және көптеген жоғарғы лауазым иелері аймаққа барды.



Ұқсас жаңалықтар