Владимир Зеленский жәрдем сұрады

Зеленский видео конференция әдісімен Канададағы 11 университеттің студенттеріне үн қатты.

1847179
Владимир Зеленский жәрдем сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский видео конференция әдісімен Канададағы 11 университеттің студенттеріне үн қатты. 

Мемлекеттер және қауымдар арасындағы ара қашықтықтың интернет арқылы азайтуға болатынын түсіндірген Зеленский "Біз үшін интернет бір түрлі қару болып табылады. Өйткені әлемде болған жаңалықтарды интернет арқылы біле аласыз. Білім кейбір қарудан тіпті күшті." деді. 

Мемлекетінің Ресейдің 24 ақпанда бастаған жаулауынан мөлшермен төрт ай өтсе де  демократияға деген тәуелділігін жалғастырғанын еске салған Владимир Зеленский "Еркін және демократиялық бір болашақ үшін барлық қиыншылықтарға қарамастан жеңіске қол жеткіземіз" деген сөздер қолданды. 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге бағытталған санкциялардың жалғасуы керектігін білдіріп, "Қаруларға, қаржыға және гуманитарлық жәрдемге мұқтажымыз бар" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар