Ибрахим Реиси мен Сергей Лавров кездесті

Иран президенті Ибрахим Реиси мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесті.

1847151
Ибрахим Реиси мен Сергей Лавров кездесті

Иран ресми хабар агентігі «İRNA»-ның хабарына қарағанда Ибрахим Реиси ресми шақырумен астана Тегеранда болған Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Реиси мен Лавров кездесуде екі ел қарым-қатынастары, аймақтық және халықаралық тақырыптарды қолға алды.

Иран президенті Реиси Иран мен Ресей арасында өткізілген кездесу және жиналыстардың екі ел стратегиялық ынтымақтастығының күшейтілуі тұрғысынан өте маңызды екенін айтты.

Реиси «Ынтымақтастықтың күшейтілуі Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз елдерге  жасаған экономикалық санкцияларға қарсы ықпалды бір стратегия болып табылады» деген сөздер қолданды.

Украинадағы соңғы жағдайға да тоқталған Реиси соғыстың тезірек доғарылуының өте маңызды екенін және мемлекетінің дипломатиялық шешім үшін жәрдем беруге дайын екенін баяндады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Тегеран-Мәскеу ынтымақтастығының түрлі салада болатынын атап өтті. Лавров Ресейдің Иранмен ынтымақтастығын стратегиялық деңгейге көтеруге дайын болғанын айтты.

Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүшелігіне де назар аударған Лавров мемлекетінің Иранның аймақтық және халықаралық ұйымдардағы рөлін кеңейтуіне берген қолдауын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар