Бангладештегі сел апатында 42 адам көз жұмды
Бангладештегі сел апатында қаза тапқан адам саны 42-ге жетті.
1847061

Бангладеште теңіз деңгейіне жақын аймақтарда нөсерлі жауын салдарынан болған сел апатында көз жұмған адам саны 42-ге ұласты.
Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесіне қарағанда сел апатында солтүстік-шығыс Силхет аймағында 21, солтүстік және орталық Мименсинг аймағында 18, солтүстік Рангпур аймағында 3 адам қаза тапты.
Аталмыш аймақтарда соңғы үш күнде жалғасқан сел салдарынан 3 мың 400-ден астам адамға түрлі ауру жұқты.
Азық-түлік және ауыз су тарату жұмыстарына армия, теңіз және құрлық күштерінің қызметкері қатысты.
Селден зардап шеккен аймақтарда гуманитарлық дағдарыс пайда бола бастады.