Афиныда денсаулық қызметкерлері жұмыс тастады

Мавили алаңында басталған наразылық шеруі Денсаулық сақтау министрлігі алдында аяқталды.

1847019
Афиныда денсаулық қызметкерлері жұмыс тастады

Грекияның астанасы Афиныда денсаулық сақтау қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесіне бөлінген бюджеттің және қызметкерлер санының арттырылуы талабымен жұмыс тастады.

Грекия Мемлекеттік аурухана қызметкерлері федерациясының (POEDIN) шақыруы бойынша медицина қызметкерлері Афины мен төңіріегінде жұмыс тастады, бір топ Денсаулық сақтау министрлігі алдында шеруге шықты.

Мавили алаңында басталған наразылық шеруі Денсаулық сақтау министрлігі алдында аяқталды.

Ереуілшілер Денсаулық сақтау министрлігі алдында ұран салып, сектордағы қызметкер санының аздығына назар аударды және денсаулыққа мемлекеттік бюджеттен көбірек үлес берілуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар