Мюнхенде полицияның 8 көлігі өртенді

Германиядағы «Үлкен жетілік» елдері саммиті алдында полиция көліктері өртенді.

1846909
Мюнхенде полицияның 8 көлігі өртенді

Мюнхен полициясының неміс баспасөзіне жасаған мәлімдемесіне қарағанда тәртіп сақшыларына тиесілі 8 шағын автобус түнде өртенген. Өрт қою салдарынан үлкен шығын келтірілді.

Германияда «Үлкен жетілік» елдері саммиті басталмас бұрын саммит өтетін Эльмау қамалына апарылған қызметкер үшін қолданылғаны білдірілді.

Полиция өрт қоюдың саяси астары бар екеніне күдіктенгенін жариялап, оқиғамен байланысты ауқымды бір тергеу бастағанын мәлімдеді.

«Үлкен жетілік» елдері саммиті Мюнхеннен 80 шақырым жердегі Гармиш-Партенкирхендегі Эльмау қамалында өтпек.

Саммитте АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония және Канаданың мемлекет және үкімет басшылары бас қосады



Ұқсас жаңалықтар