Бангладештегі сел апатында 36 адам қаза тапты

Бангладеште тосаллыз жауын-шашын салдарынан сел жүрді.

1846754
Бангладештегі сел апатында 36 адам қаза тапты

Бангладеште теңіз деңгейіне жақын аймақтарда нөсерлі жауын салдарынан сел жүрді. Сел апатында 36 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесіне қарағанда сел апатында солтүстік-шығыс Силхет аймағында 18, солтүстік және орталық Мименсинг аймағында 15, солтүстік Рангпур аймағында 3 адам көз жұмды.

Аталмыш аймақтарда соңғы үш күнде жалғасқан сел салдарынан 3 мыңнан астам адамға түрлі ауру жұқты.

Селден зардап шеккен аймақтарда гуманитарлық дағдарыс пайда бола бастады.

Азық-түлік және ауыз су тарату жұмыстарына армия, теңіз және құрлық күштерінің қызметкері қатысты.



Ұқсас жаңалықтар