Штайе Палестинаның құқықтарын еске салды

Мухаммед Штайе Палестинаның газ және табиғи ресурстары тақырыбында құқықтарының болғаны жайлы үндеу тастады.

1845928
Штайе Палестинаның құқықтарын еске салды

Палестина премьер-министрі Мухаммед Штайе Палестинаның газ және табиғи ресурстары тақырыбында  үндеу тастады. 

Үкіметтің Рамаллахтағы апталық кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған Штайе "Жаулаушы күштері (Израиль) басып алған табиғи ресурстарымыз және табиғи газ тақырыбындағы құқығымызды еске саламыз" деді. 

Мухаммед Штайе "Әлем шапқыншы ел Израильдің палестиналықтарды өлтіруіне, бейбіт тұрғындардың қоныс аударуына, еврей елді мекендердің салынуына, ауыз су, газ және табиғи ресурстардың ұрлануы сынды заңсыз әрекеттерді ынталандырмауы керек" деген сөздер қолданды. 

Палестина Газа теңізіндегі байлықтың табылуынан осы таңға дейін 20 жылдан астам уақыт өтті. Өкінішке орай табиғи газ ресурстарын дамыта алмады. 

 



Ұқсас жаңалықтар