Украина Ресейдің шығындарын жариялады

Украина Бас штаб басқармасы ресейлік сарбаз санының 33 мың 800-ге жеткенін жариялады.

1845702
Украина Ресейдің шығындарын жариялады

Украина 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан соғыста қаза тапқан ресейлік сарбаз санының 33 мың 800-ге жеткенін жариялады.

Украина Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде 216 әскери ұшақ, 181 тікұшақ, 1 мың 477 танк, 3 мың 888 брондалған көлік, 749 зеңбірек, 130 зымыран, 238 зымыран тасығыш жүйесі мен 98 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, 2 мың 527 әртүрлі әскери көлік, 14 кеме және жеңіл жүрдек қайыққа қоса 601 пилотсыз әуе көлігі жойылғаны атап көрсетілді.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыз күні жасаған мәлімдемесінде Украинада 1 мың 351 ресейлік әскердің қаза тапқанын жариялаған еді.

Украина Бас штаб басқармасы жасаған басқа мәлімдемеде болса Ресей әскерлерінің Донецк бағытындағы шабуылдарының Северодонецк және Бахмут қала шекараларында шоғырланғаны хабарлады.

Әсіресе шабуылдардың әуеден де жалғасқаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Северодонецк қаласын толық бақылау үшін шайқас жалғасуда» делінді.

Осыған қоса Харьков қаласы мен төңірегінде бомбалы шабуылдардың артқаны және 5 теңіз зымыранының Украинадағы нысаналарды атуға дайындалғаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар