«Ұлыбритания Еуропада соғысуға дайын болуы керек»
Ұлыбритания Бас Штаб басшысы: "Одақтастарымыздың қасында соғысатын және Ресейді жеңетін бір армия құруға мұқтажбыз" деді.

Ұлыбританияның жаңа Бас Штаб басшысы генерал Сэр Патрик Сандерс Ресейдің 24 ақпанда Украинаға бастаған соғысына меңзеп:
«Британдық сарбаздар Еуропада тағы да соғысуға дайын болуы керек» деді.
Ұлыбританияның жаңа Бас Штаб басшысы:
"Ресейдің Украинаны жаулауы Ұлыбританияны қорғау мақсатына қызмет ету үшін құрлықта соғысуға және жеңуге дайын тұруы керектігін ескертті. Одақтастарымыздың қасында соғысатын және Ресейді жеңетін бір армия құруға мұқтажбыз" деп көрсетті.
Сэр Патрик Сандерс 1941 жылдан бері "Еуропада құрлықтық бір күшті қамтыған соғыстың көлеңкесінде» армияның қолбасшылығын алған тұңғыш Бас Штаб төрағасы болғанын білдіріп:
"Біз армияны тағы бір мәрте Еуропада соғысқа дайындауға тиісті ұрпақпыз" деді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның Киев сапарында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін «Ресей президенті Владимир Путин басып кіруде жаңа бір сатыға өтті» деген болатын.
"Times" газетінде жазған Борис Джонсон:
«Путин Украинаны аяусыз басып-жаншуға тырысатын тонау науқанына кіріскендіктен өзімізді ұзақ соғысқа дайындауымыз керек болма ма деп алаңдаймын» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жетті
Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жентті.

Ресейде президенттік сайлау болады
Федерация кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.