"Тарихи апта басталды"

Зеленский түнде видео үндеу жариялады.

1845746
"Тарихи апта басталды"

Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа Одағынан елінің кандидаттық мәртебесіне байланысты келетін хабар арқылы тарихи апта басталғанын, сондықтан әсіресе осы апта Ресейдің жау әрекеттерін арттыратындарын білдірді.

Зеленский түнде видео үндеу жариялады. «Еуропа Одағынан Украинаның кандидаттық мәртебесіне байланысты келетін хабарлар арқылы тарихи аптаны бастаймыз» деді ол. Осы тақырыпта ЕО комитетінен жағымды хабар алғандарын айтқан Зеленский:

«1991 жылдан бері Украина үшін қазір күтіп отырғандай өте аз маңызды шешім қабылданғанын барша біледі.  Болымды хабар бүкіл Еуропаға пайдалы болатынына сенімдімін» деді.

Зеленский сонымен бірге осы апта Ресейдің шабуылдарының артуы мүмкін екенін білдірді. «Тек Украинаға ғана емес,  Еуропаның басқа елдеріне қарсы да шабуыл болуы мүмкін.  Дайынбыз. Серіктеріміге ескерту жасап отырмыз» деді ол.

ЕО комитеті 17 маусым күні Украинаға «кандидат ел» мәртебесінің берілуіне байланысты шешім білдірген еді. Осы шешім 23-24 маусым күндері өтетін ЕО Лилердер саммитінде ЕО Кеңесіне ұсынылады.

 



Ұқсас жаңалықтар