Шольц ЕО-ның кеңеюге дайындалу керектігін мәлімдеді

Германия канцлері Олаф Шольц бір неміс ақпарат агенттігіне сұхбат берді.

1845319
Шольц ЕО-ның кеңеюге дайындалу керектігін мәлімдеді

Германия канцлері Олаф Шольц Еуроодақтың (ЕО) кеңеюге дайындалу керектігін білдірді.

Шольц неміс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Ресей-Украина соғысы басталғаннан күннен бері (24 ақпан) ЕО-ның Украинаны бірге және табанды түрде қолдағанын атап, Еуроодақтың бұл бірлік рухымен қозғалуды жалғастыруын талап етті.

Шольц ЕО тарапынан үміткерлерге ілгерілеудің нақты дәлелдерін ұсынудың да маңызды екенін атап «Әйтпесе үміткерлік мәртебесінің ештеңеге әкелмейтіні жайлы сезім пайда болады. Албания мен Солтүстік Македония ЕО мүшелігі бойынша нақты келіссөздерді бастау үшін барлық шарттарды орындап отыр. Бұл (келіссөздер) қазір басталуы керек» деді.

ЕО-ның да өзін жаңартуы қажет екенін айтқан Шольц «ЕО кеңею үшін өзін дайындау керек. Ол үшін құрылымдары мен шешім қабылдау процестерін жаңғыртуы міндетті» деді.

Премьер-министр Шольц әлемдегі азық-түлік дағдарысына қатысты бұл мәселеде жаһандық ынтымақ қажет екеніне назар аударып, БҰҰ Бас хатшысының Украина дәнді дақылы үшін экспорт дәліздерін ашу талпыныстарын қолдайтынын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар