Столтенберг Түркияны мақтады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Украина жайлы талпынысын бағалады.

1844606
Столтенберг Түркияны мақтады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

«Түркия мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Украинада тосылып қалған дәнді дақылдарды шығарудың шешімін табудағы күш-жігерін бағалаймын»деді.

Йенс Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанмен Украинадағы астықты шығарутақырыбын сөйлескенін айтты. 

Йенс Столтенберг астықты тасымалдау үшін мүше елдердің түрліше дәліздері талқыланғанын білдірді.

Финляндия мен Швецияның одаққа мүше болу туралы өтінішіне тоқтаған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Анкара, Финляндия және Швеция арасындағы кездесулердің жалғасқанын айтты.

НАТО Бас хатшысы:

"НАТО 30 елден құралады. Барлық тақырыпта үнемі келісу қиын" деді.

Йенс Столтенберг үміткерлік өтініштерін берген елдердің қашан қабылданатыны жайлы уақыт белгілей алмайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар