Мексикадағы шабуылда 4 кісі мерт болды

Шабуылда 4 кісі қаза тапты, бір кісі ауыр жараланды.

1844728
Мексикадағы шабуылда 4 кісі мерт болды

Мексикада бір мейрамханаға жасалған қарулы шабуылда 4 кісі қаза тапты.

Мексика баспасөзінің хабарына қарағанда елдің солтүстігіндегі Чиуауа қаласында қарулы адамдар мейрамханада отырғандарға шабуыл жасады.

Шабуылда 4 кісі қаза тапты, бір кісі ауыр жараланды.

Куәгерлер шабуылды 7 кісінің ауыр қарулармен жасағанын айтты.

Қауіпсіздік күштері шабуылшыларды ұстау үшін көлемді тергеу бастады.

Мексикада топтар арасында жиі кездесетін шабуылдар өзара есептесу оқиғасы болуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар