Украинаның ЕО мүшелегіне қолдау білдірді

Черногория мен Албания премьер-министрлері Украинаның Еуропалық одаққа мүшелігіне қолдау беретіндерін айтты.

1844145
Украинаның ЕО мүшелегіне қолдау білдірді

Черногория мен Албания премьер-министрлері Дритан Абазович пен Эди Рама Украинаның Еуропалық одаққа мүшелігіне толық қолдау беретіндерін айтты.

Екі премьер-министр Украинаның бас қаласы Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен бас қосты.

Ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Абазович елінің әскери және материалдық көмек беруге дайын екенін, Украинаның Еуроодаққа мүшелігіне қолдау беретінін білдірді. Черногория премьер-министрі елінде Украинадан 10 мың мигрант бар екенін айтты.

Рама да «Болашағы Еуропа Одағында» деп, Украинаның кандидат мәртебесін алуын тілейтінін білдірді. 

Зеленский болса Черногория мен Албанияға еліне берген қолдауына байланысты алғыс айтты.

Екі ел премьер-министрлері Украина премьер-министрі Денис Шмыгалмен де кездесті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар