Буркина-Фасодағы шабуылда қаза тапқандар саны 86-ға жетті

Сахел аймағындағы қарулы шабуылда қаза тапқан бейбіт тұрғын санының 86-ға жеткені білдірілді.

1844443
Буркина-Фасодағы шабуылда қаза тапқандар саны 86-ға жетті

Буркина-Фасоның Сахел аймағындағы қарулы шабуылда қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 86-ға жетті.

Үкімет жасаған мәлімдемеде сенбіден жексенбіге қараған түні Сейтенга ауданында белгісіз біреулер жасаған шабуылда қаза тапқан тағы 7 адамның мәйіті табылып, қаза тапқандар саны 86-ға жетті.

Сейтенга ауданында 9 маусым күнгі террор шабуылында 11 жандармерия қаза тапқан болатын.

Көрші Малидегі «Әл-Қаида» мен «ДАИШ»-пен байланысы бар лаңкестік топтар 2015 жылдан бері Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді.

Үкіметтің деректері бойынша 2015 жылдан өткен жылдың желтоқсан айына дейін елдегі шабуылдардың салдарынан 600 қауіпсіздік кызметтері, барлығы 2 мың адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар