Жұма күнді демалыс деп жариялады

Министрлер аптасына 4 күн жұмыс істеу туралы ұсынысты қабылдады.

1843908
Жұма күнді демалыс деп жариялады

Шри-Ланкада жұма күндері демалыс деп жарияланды.

«ANI News» агенттігінің хабарлауынша, Шри-Ланка үкіметі өндірісті ұлғайту мақсатында халықты ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге ынталандыру үшін жұма күндерін демалыс деп жариялау туралы ұсынысты мақұлдады.

Министрлер аптасына 4 күн жұмыс істеу және шетелде жұмыс істеу мақсатында көшуді қалайтындар үшін 5 жыл ақысыз демалыс беру туралы екі ұсынысты қабылдады.

«Үш күндік демалысы бар бюджеттік сала қызметкерлері елдегі өндірісті ұлғайту үшін ауыл шаруашылығы жұмыстарына ынталандырылады», - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.

Тарихындағы ең үлкен экономикалық дағдарыспен бетпе-бет қалған Шри-Ланкада халық наурыз айының соңында күніне 13 сағат электр қуаты үзілгендіктен наразылық шерулеріне шыға бастады. 9 мамырда премьер-министр кеңсесі маңына жиналған демонстранттар мен үкімет жақтастары арасында қақтығыс болды.

Оппозиция қысымы күшейіп, премьер-министр Махинда Раджапакса 9 мамырда отставкаға кетті. Премьер-министрдің отставкаға кетуіне байланысты министрлер кабинеті де таратылды.

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса 12 мамырда Ранил Викрмесингхені премьер-министр ретінде тағайындады. Викрмесингхе бұған дейін үш мерзім премьер-министр қызметін атқарған.

Зорлық-зомбылықтан кейін бүкіл елде коменданттық сағат жарияланып, үкімет наразылықтар кезінде қоғамдық мүлікке немесе басқаларға зиян келтірген кез келген адамды атып тастауды бұйырған еді.

Елге тараған 8 адам қаза тауып, 250 адам жараланды.

 



Ұқсас жаңалықтар