Колумбиядағы сел апатында 80 адам көз жұмды
Колумбияда наурыз айының басынан бері жалғасқан жауын-шашын және лай көшкінінде 80 адам қаза тапты, 10 жоғалып кетті.
1843351
Ұлттық апат және төтенше жағдай басқармасының соңғы рапортына қарағанда толассыз жауын-шашын және лай көшкінен ең көп Кудинамарка, Антиокия және Сантандер аймақтары зардап шекті.
Наурыз айының басынан бері жалғасқан жауын-шашын және лай көшкіні салдарынан 80 адам қаза тапты, 10 жоғалып кетті.
Аталмыш аймақтарда жаңбыр және лай көшкіне кесірінен 16 мың 295 үй зақымдалды.
Рапортқа қарағанда 730 автожол, 72 көпір, 37 өткел, 90 су бөгеті, 37 канализация, 108 білім беру орны және 7 медициналық орталығы апаттан зақым көрді.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады
Палестинаның ресми агенттігі «WAFA» шабуылда 2 палестиналықтың қаза тапқанын білдірді.