«Аймақтық коалиция» құру керек

Бенни Ганц: "Иранға қарсы АҚШ басшылығында ортақ бір ймақтық күш құру қажет" деді.

1843217
«Аймақтық коалиция» құру керек

Израиль Қорғаныс министрі Бенни Ганц Америка Құрама Штаттары (АҚШ) басшылығында Иранға қарсы «Аймақтық коалиция» құру шақыруын қайталады.

Бенни Ганц Израиль әскерлері үшін ұйымдастырылған жүлде беру рәсіміне сөз сөйледі.

Бенни Ганц сөзінде "Иран ядролық нысандарының камераларын жауып тастады, аймақтағы шабуыл операцияларын кеңейтті, ядролық келісім жасау талпыныстарын жоққа шығаратын және сынайтын әрекеттерін жалғастырғанын" алға тартты. 

"Иранға қарсы АҚШ басшылығында ортақ бір ймақтық күш құру қажет" деген Бенни Ганц:

"Амеркиалық ортақтарымыз және одақтастарымызбен қарым-қатынастарымыз, соңғы жылдарда аймақ елдерімен құрып, дамытқан байланыстарымыз Израильдің аймақтағы табысының белгісі" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар