Африкада қатерлі ісік асқынып барады

Зерттеуде қатерлі ісік ауруы ең көп анықталған елдер Мысыр, Ниегрия мен Оңтүстік Африка болды.

1843069
Африкада қатерлі ісік асқынып барады

Африка құрлығында қатерлі ісік ауруы мен өлім-жітім 20 жылда екі есе артуы мүмкін.

Америка Құрама Штаттарының Пенн Стейт Университетінің Медицина факультетінің бір топ ғалымдары Африка құрлығындағы қатерлі ісік деңгейі туралы «Африкадағы қатерлі ісік картасын жасау» атты жаңа зерттеуді жариялады.

Қатерлі ісік ауруы мен өлім-жітім 20 жылда екі есе артуы мүмкін екеніне меңзелген зерттеуде құрлықтың көптеген аймағында денсаулық сақтау орталықтарына қол жетімділіктің шекті болуы әрі инфрақұрылымның жетерсіздігі қауіптің себебі ретінде көрсетілді.

Зерттеуде Африкада 2020 жылы мөлшермен 1.1 миллион қатерлі ісік, 711 мың 429 осымен байланысты өлім тіркелді. 2040 жылға дейін қатерлі ісіктің 2.1 миллионға, осымен байланысты өлімнің 1.4 миллионға жететіні мөлшерленгені білдірілді.

Қатерлі ісік ауруы жайлы сақтық шараларының маңыздылығына тоқталған зерттеуде әйелдердің ер адамға қарағанда жұғымдалу мөлшері көп екені хабарланды.

Зерттеуде қатерлі ісік ауруы ең көп анықталған елдер Мысыр, Ниегрия мен Оңтүстік Африка болды.



Ұқсас жаңалықтар