Яир Лапид пен Урсула фон дер Ляйен кездесті

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид "Біз кездесуде Израиль мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарды талқыладық" деді.

1842814
Яир Лапид пен Урсула фон дер Ляйен кездесті

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид еліне ресми сапармен келген Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті. Кездесуде аймақтық және халықаралық оқиғалар қолға алынды. 

Яир Лапид Twitter-дегі парақшасында Урсула фон дер Ляйенді күтіп алғанына риза болғанын білдірді. 

Израиль Сыртқы істер министрі "Біз кездесуде Израиль мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарды талқыладық. Екі жақтылы байланыстың жақсы болуы Израиль мемлекетінің стратегиясы үшін өте маңызды. Біз қарым-қатынасты дамыту жолында жұмыс істейміз" деген сөздер қолданды. 

Урсула фон дер Ляйен жасаған мәлімдемесінде "Кездесуде Ресейдің Украинаға қарсы жасаған шабуылының азық-түлік қауіпсіздігі және энергия сұранысындағы ықпалдарын қолға алдық. Екі жақтылы ынтымақтастықты және саяси диалогты тіпті күшейту үшін бірге жұмыс істейміз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар