БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа уақытша мүшелері сайланды

Эквадор, Жапония, Мальта, Мозамбик және Швейцария БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшелері болып сайланды.

1840942
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа уақытша мүшелері сайланды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне 5 жаңа уақытша мүше тағайындалды.

193 мүшеден тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясында өткен сайлауда Эквадор, Жапония, Мальта, Мозамбик және Швейцария БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшелері болып сайланды.

Аталмыш 5 ел 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2 жыл бойы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшелері ретінде қызмет етеді.

Құрамына 15 мүше мемлекет кіретін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания мен Франция болып табылады.

Қалған 10 мүше мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында БҰҰ-ның 5 географиялық тобы ішінен 2 жылға сайланады.

Уақытша мүшелердің 5-і жыл сайын жаңартылады.

Қазіргі уақытта Кеңеске мүше Ирландия, Норвегия, Үндістан, Кения және Мексиканың мерзімі осы жылдың соңында аяқталады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлану үшін 193 мүшелі БҰҰ Бас Ассамблеясында өтетін сайлауда жалпы дауыстардың үштен екісін алуы қажет.



Ұқсас жаңалықтар