Ресей Харьков қаласына зымырандық шабуыл жасады

Ресей күштері жасаған екі зымыран шабуылында 2 адам қаза тапты.

1840670
Ресей Харьков қаласына зымырандық шабуыл жасады

Украинаның Харьков қаласына Ресей күштері жасаған екі зымыран шабуылында 2 адам қаза тапты.

Ресей күштері елдің шығысындағы Харьковке кеше түнде жасаған зымырандық шабуылда қаланың кіреберісіндегі бақылау бекеті мен жақын жердегі азаматтық инфрақұрылымдарды қиратты.

Украина Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі бас дирекциясының Харьков филиалынан жасалған жазбаша мәлімдемеде жергілікті уақытпен сағат 23:00-де жасалған зымырандық шабуылдарда 2 адамның қаза тапқаны, 4 адамның жараланғаны білдірілді.

Қаланың орталығында орналасқан Новобаварский ауданындағы жарылыс салдарынан үйлер, шеберханалар, қоймалар, бір мейрамхана мен мектеп кітапханасы қирады.



Ұқсас жаңалықтар