Қытайдағы сел апатында 10 адам қаза тапты

Сел апаты салдарынан 1 маусымнан осы таңға дейін 2 мың 700 үй зақымдалды.

1840607
Қытайдағы сел апатында 10 адам қаза тапты

Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясында толлассыз жауын-шашын салдарынан сел жүрді. Сел апатында 10 адам қаза тапты. 

"Шинхуа" агенттігінің хабарына қарағанда тоқтаусыз жаңбыр салдарынан провинциядағы көптеген өзен мен көлде су тасқыны қауіпті деңгейге жетті.   

Сел апаты салдарынан 1 маусымнан осы таңға дейін 2 мың 700 үй зақымдалды. 286 мың адам эвакуацияланды. 

Мөлшермен  1,79 миллион адам зардеп шеккен селде10 адам көз жұмды. 

 



Ұқсас жаңалықтар