Грекияда маймыл шешегі

Жақында Португалияға барып келген ер науқастың жағдайы жақсы екені айтылды.

1840322
Грекияда маймыл шешегі

Грекияда маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды.

«AMNA» мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, елдегі алғашқы маймыл шешегі вирусы Андреас Сингрос ауруханасында ер адамнан анықталған.

Жақында Португалияға барып келген ер науқастың жағдайы жақсы екені айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус кеше ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен апталық  брифингте әлем елдерінде мыңнан астам жағдай расталғанын және вирус салдарынан адам өлімі тіркелмегенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар