Зеленский: "22-25 миллион тонна дәнді дақыл бөгеліп тұр"

Зеленский Журналистер күніне орай елдегі журналистермен бас қосты.

1838962
Зеленский: "22-25 миллион тонна дәнді дақыл бөгеліп тұр"

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Одесса порттары арқылы ай сайын 10 миллион тонна дәнді дақыл экспорттай алатынын атап «Қазір сол жерде 22-25 миллион тонна дәнді дақыл бөгеліп тұр» деді.

Зеленский Украинада атап өтілетін Журналистер күніне орай елдегі журналистермен бас қосты.

Украинаны өзіне пайда әкелмейтін бір нәтижеге көндіруге тырысқандарын баса айтқан Зеленский халықаралық қоғамда соғысқа байланысты шаршаудың артқанын және әркімнің өзіне тиімді нәтиже алғысы келетінін айтты.

Зеленский әзірге Ресеймен соғысты тоқтату жоспары жоқ екенін атап, «Кез-келген бір жоспар бойынша келіссөздер жүргізбейміз. Мұндай келіссөздер бүгінде нөлдік деңгейде. Әрине, бәрі бізді мүмкіндігінше біз үшін мүлдем пайдасыз қорытындыға итергісі келеді» деді.

Азовстальдан шығарылған 2 мың 500-ден астам украиндық сарбаздың Ресейде қамауда екенін атап көрсеткен Зеленский барлық украиналық тұтқындарды үйлеріне қайтару үшін тырысқандарын білдірді.

Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымына қоса сондай-ақ Балтық елдері және Польшамен дәнді дақыл экспорты бойынша келіссөздер жалғасып жатқанын, бірақ жол алыс болғандықтан бұл бағыттың басым емес екенін айтты.

Украинаның Одесса порттары арқылы ай сайын 10 миллион тонна дәнді дақыл экспорттай алатынын атап көрсеткен Украина басшысы «Қазір сол жерде 22-25 миллион тонна дәнді дақыл бөгеліп тұр, күзге дейін сол жақта 75 миллион тонна дәнді дақыл жиналуы мүмкін. Не істейміз? Сондықтан порттар болмай жұмыс істей алмаймыз» деді.

Жиналыстың аяғында Зеленский соғыста қаза тапқан украиналық журналистердің отбасыларына мемлекеттік медаль табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар