Израиль Дамасктың оңтүстігіне әуе шабуылы жасады

SANA ақпарат агенттігі шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

1838861
Израиль Дамасктың оңтүстігіне әуе шабуылы жасады

Сирияның бас қаласы Дамаскіде Башар Асад режимі күштеріне тиесілі кейбір нысандардың Израиль тарапынан әуе шабуылы жасағаны алға тартылды.

Асад режиміне тиесілі SANA ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасаған хабарында Израиль әуе күштерінің Дамасктың оңтүстігіндегі режим күштерінің кейбір әскери нысандарына жергілікті уақытпен сағат 23:18-де шабуыл жасағанын алға тартты.

Хабарда «Әуе қорғаныс жүйелеріміз жаудың зымырандарының көпшілігін атып түсірді. Шабуыл кезінде адам шығыны тіркелмеді» делінді.

Асад режимі Израильдің 20 мамыр күні Дамасктың оңтүстігіне және 13 мамыр күні Хаманың Мысяф аймағына шабуыл жасағанын алға тартты.

Израильдік лауазымдылар болса әдетте Сирия территориясына жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартады. Израиль азаматтық соғысы басталған 2011 жылдан бері Сирияда кейде Иран қолдайтын топтар мен режимге тиесілі әскери орындарға қарсы шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар