Ливиядағы елшілігін қайта ашты

Ұлыбританияда Ливияда елшілікті қайта ашты.

1838313
Ливиядағы елшілігін қайта ашты

Ұлыбританияның Ливиядағы өкілетті елшісі Каролин Хорндалл 8 жылдан кейін Ливияда елшілік ашылғанын хабарлады.

Елші бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми аккаунтынан жариялады. Елшіліктің қайта ашылуын «Ұлыбританияның Ливияда түбегейлі шешімге жету мақсатымен ливиялықтар және БҰҰ-мен жұмыс істеу табандылығының айғағы» деп жазды ол.

Сонымен бірге елші Ұлыбритания мен Ливияның қарым-қатынастарының тарихи тұрғыдан терең әрі тұрақты екенін білдірді.

Ұлыбритания 2014 жылдың тамыз айында елдегі азаматтық соғысқа байланысты дипломатиялық өкілдіктерін жапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар