Ресей: «Украинаның әскери жүк ұшағын атып түсірдік»

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1837716
Ресей: «Украинаның әскери жүк ұшағын атып түсірдік»

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков «Одесса маңында Украина Әскери әуе күштеріне тиесілі қару-жарақ пен оқ-дәрілер тасымалдаған әскери жүк ұшағын атып түсірдік» деді.

Конашенков Ресей армиясының қызметі туралы мәлімдеме жасады.

Баспасөз хатшысы Конашенков Украина армиясының Суми аймағындағы Стецковка маңындағы артиллериялық оқу орталығына жоғары дәлдіктегі әуе зымырандарымен атылғанын мәлімдеді.

Баспасөз хатшысы Конашенков Украина армиясының Суми қаласы маңындағы Стецковкада артиллериялық оқу орталығына жоғары дәлдіктегі әуе зымырандарымен атылғанын мәлімдеді.

Конашенков «Орталыққа келген шетелдік жаттықтырушылар украиндық сарбаздармен M777 гаубицасын қолдану және атыспен басқару бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізді. Сонымен қатар, Одесса аймағындағы Дачное маңында шетелдік жалдамалы күштердің базасы нысанаға алынып, зымыранмен жойылды» деді.

Конашенков сонымен қатар Луганкста Украина Қарулы күштерінің 2 басқару орталығы, 6 зымыран, артиллерия, оқ-дәрі және жанармай қоймаларының жойылғанын мәлімдеді.

Конашенков «Әуе шабуылдары нәтижесінде 400-ден астам украин әскері, 20 танк пен броньды техника, 4 дана «БМ-21 град» көп ұңғылы зымыран жүйесі, 9 зеңбірек қондырғысы және 29 түрлі техника жойылды» деді.

Конашенков «Ресейдің әуе қорғаныс техникасы Одесса маңында Украина Әскери әуе күштерінің қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалдаған әскери жүк ұшағын атып түсірді. Соңғы тәулікте Луганкстағы Попасная, Варваровка, Стахановта, Харьков аймағындағы Дементьевка, Волхов Яр, Моспаново, Новая Гнилица, Дослипное, Большие проходы, Капитоловка және Миколаевтағы Новоалександровка елді мекені маңында 17 пилотсыз әуе көлігі жойылды» деді.

Украина армиясының 24 ақпан күнінен бері берген шығындарға да тоқталған Конашенков «187 әскери ұшақ пен 129 тікұшақ, мың 104 пилотсыз әуе көлігі, 328 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі, 3 мың 406 танк және басқа да броньды жауынгерлік техникалары, 466 көп ұңғылы зымыран, мың 769 гаубица мен миномет, 3 мың 405 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар