Арменияда полиция мен шерушілер қақтығысты
Ереванда полиция мен үкіметке қарсы наразылық білдірушілер арасындағы шыққан қақтығыста 60 адам жарақат алды.

Арменияның бас қаласы Ереванда полиция мен үкіметке қарсы наразылық білдірушілер арасында шыққан қақтығыста 60 адам жарақат алды.
"Арменпресс" парақшасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған хабарына қарағанда қақтығыс кеше Еревандағы премьер-министрлік резиденциясының алдында болды.
Шерушілердің полициямен қақтығысы салдарынан 39-ы полиция қызметкері, барлығы 60 адамның ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Әзербайжанның Қарабақтағы жеңісінің артынан Армения үкіметінің аймақтағы саясатына наразылықтар артты.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен оппозиция 1 мамыр күнінен бастап, Ереван көшелерінде жиналуда.
Полиция 2-3 мамыр күндері ұйымдастырылған шерулер кезінде 426 адамның ұсталғанын жарияланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Ресей батыс елдеріне наразылық көрсетті
Песков Мәскеудің күн тәртібіне қатысты журналистерге мәлімдеме жасады.