Франция президентінің Түркия мәлімдемесі

Эммануэль Макрон Украинадан астықты экспорттауда Түркияның маңызды рөл атқарғанын мәлімдеді.

1835783
Франция президентінің Түркия мәлімдемесі

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ (ЕО) Басшылар саммитінен кейін баспасөзге жасаған мәлімдемесінде 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына байланысты Еуроодақтың жаңа шешімдеріне қоса көптеген мәселеге тоқталды.

Францияның Африка Одағы кезекті төрағасы Сенегалмен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында әңгімелескенін білдірген Макрон қысқа мерзімде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қамқорлығымен Түркияның көмегімен Украинадағы 20 миллион тонна астықты елден шығаруға тырысқандарын атап көрсетті.

Макрон Түркияның тұғыры және Қаратеңізбен байланысты келісімдер аясында маңызды бір рөлге ие екеніне назар аударып, астық пен бидайдың Украинадан экспорты туралы Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздерден оң нәтиже шыққанын мәлімдеді.

Франция президенті мәселенің жақын арада шешілетініне сенім білдіріп, Украина президенті Владимир Зеленский және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің шешім ізденістеріндегі күш-жігерді жоғары бағалағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар