"Путиннің денсаулығы жақсы"

Сергей Лавров Путиннің еуропалық лидерлермен кездесуі мүмкін екенін, бұл үшін бір кедергі болмағанын атап айтты.

1834937
"Путиннің денсаулығы жақсы"

Кейбір батыстық ақпарат құралдарында Ресей президенті Владимир Путин ауырып жатқаны және 3 жылдан кейін өлетіні жайлы пайымдауларға Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров наразылық көрсетті.

Лавров француз ақпарат құралына берген сұхбатында бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Сергей Лавров:

"Президент Владимир Путиннің күн сайын екранға шығып сөйлегенін көрудеміз және естудеміз. Менің ойымша, есі дұрыс адамдар Путинге қараған кезде оның денсаулығына қатысты қандай да бір проблеманы көре алмайды. Баға беруді жұртшылыққа қалдырамын. Осы қауесеттерді таратқандар ар-ұждандарымен есептессін" деді.

Сұхбатында Ресейдің Украинадағы әскери операцияларына тоқталған Лавров операциялардың жоспардағыдай жалғасқанын айтты.

Сұхбатында батыс елдерінің Ресейге жасаған санкцияларына тоқталған Лавров:

"Кездейсоқ сияқты көрінген бұл санкцияларды батыс елдері бастады. Бұл бір күнде болған оқиға емес, осы санкцияларға ұзақ уақыттан бері дайындалып келедді. Санкциялардың жойылуы мүмкін емес көрінеді" деді.

Батыс елдерінің Ресейге жасаған санкцияларына тоқталған Лавров:

"Диалогтің қайта бастау жолы жабылғанын айтқым келмейді. Алайда Еуропаның ниетін әрекетіне сай бағалаймыз. Күшті бір сабақ алдық" деп көрсетті.

Лавров Путиннің еуропалық лидерлермен кездесуі мүмкін екенін, бұл үшін бір кедергі болмағанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар