Бельгияда ереуіл

Елдегі мемлекеттік қызметкерлерді қорғайтын барлық кәсіподақтар 1 күндік ереуілге шыққанын жариялады.

1835467
Бельгияда ереуіл

Бельгияда қоғамдық қызметкерлер жалақыны көтеру, жұмыс жүктемесін жеңілдету және зейнеткерлік шарттарын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты.

Елдегі мемлекеттік қызметкерлерді қорғайтын барлық кәсіподақтар 1 күндік ереуілге шыққанын жариялады.

Кәсіподақтар өмір сүру құнының соңғы кезеңде жұмысшылардың сатып алу қабілетін төмендеткеніне назар аударып отыр.  Олар жұмысшылардың құқықтарына көбірек құрмет көрсетуді, еңбек шарттарын, жалақыны және зейнеткерлік шарттарын жақсартуды, кадр тапшылығын жоюды және мемлекеттік инвестицияларды арттыруды талап етті.

Ереуілге байланысты бүкіл елде федералдық, аймақтық және жергілікті мемлекеттік қызметтер баяулады. Сондай-ақ пойыз қатынасы, қоғамдық көлік, муниципалитет, пошта, білім, түзеу мекемелері мен қоғамдық хабар тарату мекемелерінің қызметтерінде де үзілістер болды.

Бельгиядағы инфляция мамыр айында 8,97 пайызға көтерілді, бұл - 1982 жылдан бері өлшенген ең жоғары деңгей.

Ел көлемінде жалпы баға, әсіресе негізгі азық-түлік пен энергетикалық өнімдер қымбаттады.

 



Ұқсас жаңалықтар