Ресей Харьковты қайтадан бомбалауда
Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үн қатты.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Харьковты қайтадан бомбалағанын білдіріп, шабуыл кесірінен 9 адамның қаза тапқанын және 19 адамның да жарақат алғанын жариялады.
Қаза тапқандардың ішінде 5 айлық сәби мен әкесінің де болғанын, шешесінің жағдайының өте ауыр екенін айтқан Зеленский жарақаттардың ішінде де 9 жасында бір қыз баланың бар екенін баяндады.
Латвия парламентіне және халқына үн қатқанын айтқан Зеленский қорғанысты қамтыған көптеген салада Латвияның Украинаға жәрдем бергенін атап өтті. Зеленский қомақты жәрдемдер үшін Латвия үкіметіне және халқына алғыс айтты.
Владимир Зеленский "Барша әлем ортақ еркіндікті қорғау үшін Латвия сияқты табанды болатын болса, онда Ресей Украинаға, Еуропаға және басқа елдерге жамандық жасай алмаушы еді" деді.
Ұқсас жаңалықтар

Владимир Путин диалогқа ашық екенін білдірді
Путин 10-шы Санкт-Петербург халықаралық форумына үндеу жолдады.