АҚШ-тан Ресейге Украина ескертуі

Ақ Үй баспасөз хатшысы Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатында Украина тақырыбына тоқталды.

1833420
АҚШ-тан Ресейге Украина ескертуі

Америка Құрама Штаттарынан (АҚШ) Ресейге «Украинаға қарсы соғысын шұғыл түрде тоқтатып, Украинадан азық-түлік ағынына рұқсат беруі керек» деген шақыру келді.

Ақ Үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатында күн тәртібін бағалап, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні басталған Ресей-Украина соғысы салдарынан туындаған азық-түлік дағдарысы туралы талқылауларға тоқталған Жан-Пьер «Ресей жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін жойып жатқан Украинаға қарсы соғысын шұғыл түрде тоқтатып, Украинадан азық-түлік ағынына рұқсат беруі керек» деді.

Қазіргі азық-түлік дағдарысына Ресейдің жауапты екенін атап көрсеткен Жан-Пьер «АҚШ немесе басқа елдердің Ресейге қарсы санкциялары азық-түлік жеткізіліміне кедергі келтірмейді» деді.

Жан-Пьер Америка баспасөзіндегі Ақ Үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс жөніндегі директоры Бретт МакГурк пен Сыртқы істер министрлігінің энергетика жөніндегі орынбасары Амос Хокштейннің Сауд Арабиясы, Израиль және Мысыр арасындағы мұнай келісімі келіссөздері үшін Сауд Арабиясына құпия сапары туралы айыптауларға қайтарған жауабында «МакГурк пен Хохштейннің дәл қазір Сауд Арабиясында екенін растай аламын. Лауазымдылар Иранның аймақтағы тұрақсыздандыру саясатымен күрес және тұрақты жаһандық энергия нарығы сияқты мәселелерді талқылауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар