Түркияның ұстанымын құптады

«Ешкім террорлық лаңкестіктерден Түркия секілді қайғы-қасірет шекпеді» деді ол.

1833082
Түркияның ұстанымын құптады

NATO Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швейция және Финляндияның одаққа мүшелігіне террорлық ұйымға беріп отырған қолдауларына байланысты қарсы шыққан Түркияның саяси ұстанымын құптайды.

NATO-ның маусым айы аяғында Испанияның бас қаласы Мадридте өтетін саммиті қарсаңында 30 мамырда осы елге баратын Столтенберг испан медиасына мәлімдеме жасады. «Ешкім террорлық лаңкестіктерден Түркия секілді қайғы-қасірет шекпеді» деді ол.

Столтенберг: «Түркия- маңызды одақтас. Бір одақтастың уайымы болса қолға алынып, мәселе шешілуі тиіс. Бұл әрқашан осылай болып келді. Атауына байланысты Грекияның ветосымен Солтүстік Македония Республикасының ұйымға мүше болуы да он жылдан астам уақыт алды, бірақ шешілді» деді.

NATO Бас хатшысы: «PKK – Еуропа Одағының террорлық ұйым тізімінде. Швеция немесе Финляндияда болуы маңызды емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар