Украинада осы уақытқа дейін 238 бала қаза тапты

Ресейдің шабуылдарында Украинада қаза тапқан балалардың саны 238-ке жетті.

1832354
Украинада осы уақытқа дейін 238 бала қаза тапты

Украина Бас прокуратурасының мәлімдемесінде «26 мамыр күні таңертең Ресейдің Украинадағы шабуылдарынан 238 бала қаза тауып, 433 бала жарақат алды» делінді.

Мәлімдемеде бұл сандар соңғы деректер емес екені, уақытша басып алынған және азат етілген аймақтарда анықтау жұмыстарының жалғасып жатқаны айтылды.

Мәлімдемеде Украинадағы көптеген қалалардың бомбалануы нәтижесінде әскери пункттермен қатар көптеген қоғамдық ғимаратқа зақым келгені, үлкен зиян келген 848 оқу орнының 173-інің толығымен қирағандығы атап көрсетілді.

Украина Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Мотузяник «Ресейдің елімізге қарсы бастаған ауқымды шабуылшы ұстанымы ең белсенді кезеңінде екенін байқаймыз. Украинаның шығыс майданындағы жағдай өте қиын, елдің тағдыры сонда шешіледі» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар